04-06-2020
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен қаласындағы бас имамы, ШҚО "Халифа Алтай" мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай
Қазақстан Республикасы мемлекет ретінде зайырлы һәм демократиялық ел ретінде өзін таныта білді. Ұлттар мен ұлттардың тату-тәтті бір шаңырақ астында өмір сүруі, конфессияаралық келісім мен түсіністік модельі әлемге үлгі болды.
⠀
30 дан астам жыл мемлекетіміздің бейбітшілік символына айналуы Елбасымыздың және ел ағаларының қажырлы еңбегі мен халқымыздың төзімділігі мен еңбекқорлығы.
⠀
Заманның түлкі болса, тазы болып шал демекші, еліміздің жаңа буыны дүниеге келді. Бізден де озық әрі білімді. Қазіргі жастарда ұлт түсінігінің орнына Қазақстандық түсінігі басым.
⠀
Бір ел, бір мақсат, бір мүддеге жұмылған ел жастары жүрегінде тарихты, көзінде үмітті, тілінде елдікті және қолында еңбекті мықты сақтаған. Елдің бірлігі мен болашағы ұлты бөлек болса да, жүрегі Қазақстан деп соғатын мемлекетшіл жастардың қолында.